Басты бет / Жаңалықтар /
телефон, әлеуметтік желілер, қоңырау, инстаграм, телеграм
Фото: Ерқанат Аманкел

TikTok-қа әдепсіз видео жариялаған шетел азаматына айыппұл салынды

Астанада полиция TikTok әлеуметтік желісінде әдепсіз сөздер мен қоғамдық тәртіп нормаларын бұзатын сөз тіркестері бар бейнежазба жариялаған 25 жастағы шетел азаматын анықтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Видео Триумфалды арка маңында түсірілген

Полиция мәліметінше, бейнежазба елордадағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан Триумфалды арка аумағында түсірілген.

Кейін видео әлеуметтік желіде жарияланған. Полиция қызметкерлері бейнежазбаның авторын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шара қабылдады.

Сот 20 АЕК айыппұл салды

Сот шешімімен бейнежазба авторы Ангелина Ванинаға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, әдепті мінез-құлық танытуға шақырды.

Құқыққа қайшы немесе қорлайтын мазмұндағы контентті жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін, – деп ескертті ведомство.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram