Басты бет / Жаңалықтар /
Димаш Құдайберген
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

«Еркек емессіңдер». Димаш Құдайберген әйелге қол көтеретіндерді қатаң сынға алды

Әнші Димаш Құдайберген әйелдерге күш көрсететін ер адамдарға қатысты өткір пікір білдірді. Әдетте көпшілік алдында сабырлы сөйлейтін өнер иесі бұл жолы ойын ашық жеткізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Әйелге қол көтеретіндер – еркек емес»

Димаштың айтуынша, әйелге зорлық көрсету – адамгершілікке жатпайтын әрекет.

Әйелдерді ұрып-соғып, соны мақтан көретіндер, өздеріңді қалай еркек деп атай аласыңдар?! Егер жұдырықтарың тек әйелге ғана көтеріле алса, сендер еркек емессіңдер – малсыңдар, бітті. Әйелді қорлау арқылы құрметке ие болуға тырысу – адамгершіліктен жұрдай әрекеттің ең төменгі көрінісі!, – деді Димаш.

Әншінің бұл мәлімдемесі Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілері қоғамда қызу талқыланып жатқан тұста айтылды.

Жамбыл облысындағы қайғылы оқиға

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында 19 жастағы жүкті әйел күйеуімен болған жанжалдан кейін көз жұмғаны хабарланған болатын.

Марқұмның туыстарының айтуынша, ер адам әйелін «Барни» тәтті тоқашын жеп қойғаны үшін ұрып-соққан.

Аталған жағдай бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok