Астанада қызметтік барысында қаза тапқан 23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі кейінге шегерілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Сот отырысының шегерілуіне сотталушы Сәуле Жұбаниязованың қорғаушысы қосымша уақыт сұрап, өтініш білдіруі себеп болған.
Сот отырысына төрағалық етуші судья Меруерт Абаева адвокаттың өтінішін қарады. Қорғау тарапы қылмыстық іс материалдарымен толық танысып шығу үшін қосымша уақыт қажет екенін жеткізген.
Судья қорғаушының өтінішін қанағаттандырып, сот отырысын басқа күнге ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Осыған байланысты іс бойынша келесі сот отырысы 20 тамыз күні сағат 10:00-де өтеді.
Айта кетейік, Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі тікелей эфирден көрсетіледі. Сотты жоғарғы сот YouTube-тегі ресми арнасында трансляциялайды.
Естеріңізге салайық, Астана қаласы МИБ өкілдері Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты құрылыс компаниясы мен кондиционерді орнатқан мердігерлерді жауапқа тартуды талап етті.
