Басты бет / Жаңалықтар /
Ұлдана Мырзуан
Фото: threads.com/@zeineladilet

Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі басталды. Іс бойынша марқұмның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнелдің жәбірленуші мәртебесінен бас тартатыны белгілі болды. Бұл туралы оның адвокаты Tizgin.kz-ке берген сұхбатында хабарлады.

Айта кетейік, Әділет Зейнел Ұлдана Мырзуан қаза болғаннан кейін жесірі ретінде іс бойынша жәбірленуші деп танылған еді. Кейін ол жаңа қарым-қатынасын бастағанын айтып, 2026 жылдың шілдесінде қайта отау құруға қатысты ақпарат қоғамға тарады.

Ұлдана Мырзуан 2025 жылғы 8 қарашада Астанадағы тұрғын үйдің қасбеті құлаған кезде зардап шеккендерге көмек көрсетуге барған. Сол жерде оның үстіне кондиционердің ауыр бөлігі құлап, фельдшер ауыр жарақат алған. Дәрігерлердің өмірін сақтап қалуға жасаған әрекетіне қарамастан, ол 18 қарашада көз жұмды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok