Астанада қызмет барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі тікелей эфирден көрсетіледі. Сот отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатыса алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жоғарғы соттың мәліметінше, қоғам Ұлдана Мырзуанның ісіне қатысты сот процесін қызу талқылаған. Осыған байланысты сот процесіне қатысушылардың пікірі мен жәбірленуші тараптың өтініші ескеріліп, ашық сот отырыстарын онлайн трансляциялау туралы шешім қабылданған.
Сот отырысының тікелей трансляциясын ҚР Жоғарғы сотының YouTube-тегі арнасынан көруге болады.
Ұлдана Мырзуанның қазасы
Естеріңізге салайық, оқиға былтыр 8 қарашада Астанада болған. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы кірпіш қабаты мен кондиционер құлаған.
Сол кезде жедел жәрдем фельдшері ҰлданаМырзуан үйінді астында қалған ер адамды құтқаруға әрекет жасаған. Алайда оған тоғызыншы қабаттан кондиционер құлап, ауыр жарақат алған. Дәрігерлер фельдшерге бас сүйегіне трепанация операциясын жасаған.
Өкінішке қарай, 18 қарашада Ұлдана Мырзуанның қайтыс болғаны белгілі болды. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар Ұлдана Мырзуанның құрметіне Астанада ескерткіш тақта орнатылды.
Іс бойынша жәбірленуші тарап
Сот процесі басталар алдында Ұлдананың отбасы мен бұрынғы жұбайына қатысты әлеужеліде пікірталас та өрбіген. Бұған оның бұрынғы күйеуінің екінші рет отасқан кездегі суреттер себеп болды.
Қазір Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр.
