Басты бет / Жаңалықтар /
iphone 18
Фото: News.mydrivers.com

Қытайда iPhone 18 аксессуарлары сатыла бастады

Apple компаниясының жаңа iPhone 18 топтамасын ресми таныстыруына әлі бір айға жуық уақыт бар. Дегенмен Қытайдың танымал Taobao және JD.com онлайн-маркетплейстерінде жаңа смартфондарға арналған қаптар сатылымға шығып үлгерді. Аксессуарлардың орташа бағасы 22–36 юань аралығында тұрады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сатушылардың айтуынша, қаптар болашақ айфондардың нақты ерекшеліктері мен сызбалары негізінде жасалған. Олар құрылғының көлеміне, түймелері мен камера ойықтарына толық сәйкес келеді деп көрсетеді. Тіпті кейбір дүкендер сәйкес келмей қалған жағдайда тауарды 7 күн ішінде себебін түсіндірмей-ақ қайтаруға кепілдік беріп отыр.

Бұл – жаңа смартфондар шығар алдында жиі кездесетін жағдай. Аксессуар өндірушілері алғашқы сатып алушылар ағынына алдын ала дайындалып, өнімді нарыққа құрылғымен бірге алып шығуға тырысады. Олар өндірісті ерте бастау үшін смартфонның CAD-макеттерін ресми тұсаукесерден бірнеше ай бұрын алады.

Бұған дейін де iPhone 17 моделі шығар алдында Қытай дүкендері тарап кеткен сызбалар негізінде жасалған муляждарды сатылымға шығарған болатын.

Айта кетейік, смартфондардың өзін сериялы түрде өндіру процесі де басталып кетті. Инсайдерлер мәліметтеріне сәйкес, iPhone 18 бен iPhone 18 Pro өндірісі шілде айында басталған, ал өнім көлемін арттыру үшін Foxconn зауыты қызметкерлерді белсенді түрде жұмысқа қабылдап жатыр.

Тағы оқыңыз:

Көпшілік біле бермейді: енді iPhone-ды басқа iPhone арқылы қуаттауға болады

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook