Басты бет / Жаңалықтар /
БАӘ, саяхат, Дубай
Фото: Selfie travel

FlyArystan мен Air Astana Дубайға ұшатын рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты

FlyArystan мен Air Astana Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Дубайға қатынайтын рейстерді уақытша тоқтату мерзімін ұзартты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

FlyArystan Ақтау – Дубай рейстерін тоқтатты

FlyArystan «Ақтау – Дубай – Ақтау» бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтату мерзімін 30 қыркүйекке дейін ұзартты.

Әуе компаниясының мәліметінше, мұндай шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты қабылданған. Бұған дейін FlyArystan бұл бағыттағы рейстердің 15 қыркүйекке дейін тоқтатылғанын хабарлаған болатын.

Air Astana да рейстерді орындамайды

Air Astana да Дубайға рейстердің тоқтатылу мерзімін ұзартты.

Компанияның хабарлауынша, Парсы шығанағы аймағындағы тұрақсыз жағдайға байланысты Алматы мен Астанадан Дубайға рейстер 30 қыркүйекке дейін орындалмайды. Сонымен қатар қазан айында аталған бағыттар бойынша ұшу кестесіне өзгерістер енгізіліп, рейстер жиілігі қысқартылады.

Әуе компаниялары жолаушылардың билеттерін 20 қарашаға дейінгі рейстерге сол брондау класы бойынша тегін қайта рәсімдей алатынын хабарлады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram