Басты бет / Жаңалықтар /
КазИТУ колледжі, жастар,
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Қазақстанда студенттер саны 740 мыңнан асады. Жатақхана мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылында студенттер саны 740 мыңнан асады деп күтіліп отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ел бойынша студенттерді жатақханамен қамту мәселесі негізінен шешілгенімен, Алматыда әлі де 5 мыңнан астам орын тапшылығы бар.

Бұл туралы министр үкімет отырысында жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы баяндаған кезде айтты.

Ел бойынша 18 жаңа жатақхана ашылады

Саясат Нұрбектің мәліметінше, 2026 жылы ел бойынша 6 857 орынға арналған 18 жаңа жатақхана пайдалануға беріледі. Сонымен қатар жыл соңына дейін тағы 11 нысанды іске қосу жоспарланған.

Бұл мәселені реттеу үшін 2026 жылы ел бойынша 6 857 орынға арналған 18 жаңа жатақхана іске қосылады. Жыл соңына дейін тағы 11 нысан пайдалануға беріледі, – деді министр.

Оның айтуынша, қазір студенттік баспана тапшылығы ел бойынша толықтай дерлік шешілген. Алайда Алматыда 5 176 орындық тапшылық сақталып отыр.

Астанада екі жаңа жатақхана ашылады

Астанада 22 тамызда қазақ ұлттық спорт университетінің 1,5 мыңнан астам студентіне арналған екі жаңа жатақхана ашылады. Сонымен қатар Алматыда жатақханадан орын таппай қалған студенттерге жедел көмек көрсету үшін екі орталық жұмыс істейді.

Атап айтқанда, Қыздар педагогикалық университетінің базасында Ахуалдық орталық, ал ALT University базасында 50 орындық Дағдарыс орталығы қызмет көрсетеді.

Министрліктің мәліметінше, бұл орталықтар баспанасыз қалған студенттерге уақытша қолдау көрсетіп, оларды орналастыру мәселесін шешуге көмектеседі.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram