Басты бет / Жаңалықтар /
Оқушы, мектеп, сынып, школа, балалар
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл тағы 15 мектепте инклюзияны қолдау кабинеті ашылады

Биыл Ақтөбе мен Семей қалаларындағы 15 мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

15 мектепте жаңа кабинеттер ашылады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, мектептерді қажетті пәндік кабинеттермен жабдықтау жұмыстары да жалғасып жатыр. Жоспарланған 1 409 кабинеттің бүгінде 1 007-сі, яғни 70%-ы жеткізілген.

Сонымен қатар Samruk-Kazyna қорының білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі атап өтілді. Қор 2024 жылдан бері мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашып келеді. Қазір мұндай кабинеттер 31 мектепте жұмыс істейді. Ал 2026 жылы жоба Ақтөбе мен Семей қалаларындағы тағы 15 мектепте жүзеге асырылады.

178 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жұлдыз Сүлейменова мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарына да тоқталды.

Қазір жалпы жобалық қуаты 117 мың оқушы орны болатын 178 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 106 мектептегі жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар қазір 59,3 мың оқушы орнына арналған 101 мектептің құрылысы жүріп жатыр, — деді министр үкімет отырысында.

Министрдің мәліметінше, жыл соңына дейін жалпы 38,2 мың оқушы орнына арналған 72 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook