Әлеуметтік желіде 19 жастағы бойжеткеннің тұрмысқа шығуына қатысты бейнежазбалар тарады. Жазбаларда оның жігітпен кездесіп жүргені және кейін Ұлытау облысына келін болып барғаны айтылады. Кейін бойжеткенді некеге тұруға мәжбүрлегені туралы ақпарат тараған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Оқиғаға қатысты Шымкент қаласының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Бойжеткенді демалыс орнынан еркінен тыс алып кеткен
Полицияның алдын ала мәліметінше, арызданушыны Шымкенттегі демалыс орындарының бірінен еркінен тыс алып кетіп, некеге тұруға мәжбүрлеген.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта бойжеткеннің бастапқыда жігітпен өз еркімен кездесіп жүргені және тұрмысқа шыққаны айтылған. Алайда кейін оның некеге қатысты ұстанымын өзгерткені туралы мәлімет тарады.
Полиция бұл дерек бойынша некеге тұруға мәжбүрлеу фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікке ілінген екі адамның жеке басы анықталған.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде екі күдіктінің жеке басы анықталып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция тергеу нәтижесі бойынша істің мән-жайына құқықтық баға берілетінін хабарлады.
