Басты бет / Жаңалықтар /
кофе, кофейня
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қазақстан азаматтары айына қанша шай мен кофе ішеді? Статистика

Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді. Оның ішінде 3 829 тоннасы шайға тиесілі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Шай өндірісінде Алматы көш бастап тұр

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер бойынша шай өндірісінің негізгі үлесі Алматы қаласына тиесілі. Қалада жыл басынан бері 3 528 тонна шай өндірілген. Бұл елдегі жалпы шай өндірісінің 92,1%-ы.

Қазақстанда өндірілген шай мен кофе көлемінің қалған бөлігі басқа өңірлерге тиесілі. Сонымен қатар елдегі сергіткіш сусындар нарығында импорттың үлесі жоғары. Қаңтар-шілде айларында Қазақстанға 18,3 мың тонна шай импортталған.

Шайдың негізгі жеткізушісі – Кения

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, алты ай ішінде Қазақстаннан 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортталған. Ішкі нарықта жалпы 20,8 мың тонна өнім өткізілді. Бір адамға шаққандағы шай тұтыну көлемі айына орта есеппен шамамен 100 грамм болды.

Қазақстанға шай жеткізетін негізгі елдердің қатарында Кения бар. Оның үлесіне импортталған өнімнің 27,2%-ы тиесілі. Сонымен қатар Қазақстанға шайдың негізгі көлемі Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан әкелінеді.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok