Басты бет / Жаңалықтар /
өрт сөндіруші, ТЖМ, өрт
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Абай облысындағы өртпен күреске 26 техника мен тікұшақ тартылды

Абай облысының Көкпекті ауданында үш учаскедегі табиғи өртпен күрес жалғасып жатыр. Оқиға орнында төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Өрт сөндіруге тікұшақ та жұмылдырылды

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге шамамен 180 адам мен 26 техника тартылған. Сонымен қатар су төгетін құрылғымен жабдықталған ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Әуе кемесі өрт ошақтарына 22 рет су төгіп, жалпы 66 тонна су шашқан.

Құтқарушылар жекелеген өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қатты жел өрт сөндіруді қиындатып отыр

Мамандардың жұмысына қатты жел, жер бедерінің күрделілігі және құрғақ өсімдіктер кедергі келтіріп жатыр. Оқиға орнына тұрақты мониториң жүргізіліп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін қажет шаралар қабылданып жатыр.

Жағдай төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram