Басты бет / Жаңалықтар /
мектеп оқушы алғашқы қоңырау
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Енді тоқсандық бағаның 50%-ы күнделікті оқу нәтижесіне байланысты болады

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде 2-4 класс оқушыларының білімін бағалаудың жаңартылған тәсілдері енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бұл ретте критериалды бағалау жүйесі сақталады, ал 1-класс оқушыларының бағалау тәртібі өзгеріссіз қалады.

Формативтік бағалаудың үлесі 50%-ға дейін артады

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, бұған дейін оқушылардың оқу жетістіктері формативтік және жиынтық бағалау арқылы анықталған. Жиынтық бағалау бөлім және тоқсан бойынша бағалауды қамтыған.

Жаңа тәсілде формативтік бағалау сақталады. Алайда оның тоқсандық қорытынды бағадағы үлесі артады. Бұған дейін формативтік бағалаудың үлесі 25% болса, енді бұл көрсеткіш 50%-ға дейін көбейеді. Яғни тоқсандық бағаның жартысы оқушының тоқсан бойындағы күнделікті сабақтағы оқу нәтижесі негізінде қалыптасады, – деді Шынар Ақпарова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде.

Оның айтуынша, бұл өзгеріс оқушының сабақтағы тұрақты еңбегін, тапсырмаларды орындауын және оқу мақсаттарын меңгеру деңгейін қорытынды бағалауда көбірек ескеруге мүмкіндік береді.

Оқушы тоқсан ішінде кемінде 30% сабақта бағаланады

Сонымен қатар оқу бөлімдерін меңгеру нәтижесін анықтау үшін аралық бағалау енгізіледі.

Жаңа тәртіп бойынша, педагог тоқсан ішінде әр пән бойынша әр оқушыны өткізілген сабақтардың кемінде 30%-ында бағалауға тиіс. Мысалы, тоқсанда пән бойынша 30 сабақ өткізілсе, әр оқушы кемінде тоғыз сабақта формативтік балл алуға тиіс. Бұл – бағалаудың ең төменгі жиілігі. Педагог оқушыны одан да жиі бағалай алады, – деді бірінші вице-министр.

Шынар Ақпарова бұл талап оқушының біліміндегі ілгерілеуді жүйелі бақылауға және оның күнделікті еңбегін бағалауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok