Басты бет / Жаңалықтар /
автобус, қоғамдық көлік, жолаушы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

23 тамызда Алматы тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді

Алматыда 23 тамызда, Құрылтай депутаттарын сайлау өтетін күні, қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Автобус, троллейбус пен метро тегін қатынайды

Алматының жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, сайлау күні қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында қоғамдық көлікте тегін жол жүру енгізіледі.

Осы күні автобустар, троллейбустар және метро қоса алғанда, қалалық қоғамдық көліктің барлық бағытында жол жүру ақысы алынбайды.

Тұрғындарға сапарын алдын ала жоспарлау ұсынылды

Тегін жол жүру мүмкіндігі қала ішінде еркін қатынауды қамтамасыз ету және дауыс беру учаскелеріне жетуді жеңілдету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Басқарма өкілдері Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын сапарын алдын ала жоспарлап, дауыс беру күні қоғамдық көлікті пайдалануға шақырды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok