Басты бет / Жаңалықтар /
Жантілек Нұртілепұлы
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау әкімі «Қазақстан барысына» көлік сыйлады

Qazaqstan Barysy – 2026 турнирінің жеңімпазы Жантілек Нұртілепұлы Ақтауға оралды. Маңғыстаудан шыққан тұңғыш «Қазақстан Барысын» әуежайдан көпшілік қарсы алып, чемпионға көліктің кілті табысталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Чемпионды әуежайдан халық қарсы алды

Маңғыстау облысының әкімдігінің мәліметінше, Жантілекті қарсы алуға әуежайға көпшілік жиналды. Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай чемпионның жеңісін Маңғыстау спорты үшін тарихи жетістік деп атап өтті.

Бүгін Маңғыстау өз батыры Жантілекті қарсы алып отыр. Ол жеңісімен өңіріміздің абыройын асқақтатып, Маңғыстау спортының тарихына жаңа бетбұрыс әкелді. Бұл тарихи жеңістің мемлекет басшысының назарынан тыс қалмай, президент тарапынан жоғары бағалануы – спортшымыздың шеберлігі мен қайсар мінезіне, сонымен қатар ұлттық спорттың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына берілген зор баға, – деді облыс әкімі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Baribar.kz / Бізде бәрі бар! (@baribar.media)

Оның айтуынша, чемпионның жетістігінің артында ұзақ жылғы еңбек, күнделікті жаттығу мен мықты рух тұр.

Жеке бапкеріне де көлік берілді

Чемпионға көліктің кілті Ақтау әуежайында табысталды. Жантілек Нұртілепұлының жеке бапкері Қайрат Иманғазиев те көлікке ие болды.

Айта кетейік, Жантілек Нұртілепұлы – Маңғыстау облысынан шыққан тұңғыш «Қазақстан Барысы». Оның жеңісі өңірдің ұлттық спорт тарихындағы маңызды жетістіктердің бірі болды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram