Басты бет / Жаңалықтар /
LRT, Tarlan Astana, Астана ЛРТ
Фото: Ақорда

Астанада 23 тамызда автобустар мен LRT тегін болады

Астанада алдағы жексенбі – 23 тамыз күні, яғни Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы өтетін күні, қоғамдық көлік тегін қатынайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

CTS мәліметіше, тегін жол жүру мына бағыттарда қолжетімді:

  • Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
  • қалалық бағдарларда;
  • экспресс-бағдарларда;
  • қала маңы бағдарларында.

Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімдікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз, – делінген компания хабарламасында.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook