Басты бет / Жаңалықтар /
мопед, мопедші, мопед жүргізуші
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Көлік жүріп келе жатып есігін ашып, денесін сыртқа шығарған жолаушылар жазаланды

Павлодарда жолаушылардың жол қозғалысы кезінде қауіпті әрекет жасаған сәті әлеуметтік желіде тарады. Көлік қала орталығында жүріп бара жатқан кезде жолаушылар есікті ашып, денелерін сыртқа шығарған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оқиғаны жолдағы куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарағаннан кейін полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін анықтады.

Жүргізуші мен жолаушылар жауапқа тартылды

Павлодар облысының полиция департаменті көлік жүргізушісі де, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жолаушылар да жауапқа тартылғанын хабарлап отыр.

Полиция жүргізушінің кім екенін анықтады. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізуші де, жолаушылар да жауапқа тартылды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды, – делінген хабарламада.

Полиция жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтап, өз өмірі мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram