Басты бет / Білім /
Демалыс. Қазан айы. Күнтізбе
Фото: Еgov.kz

Оқушылар күзде әдеттегіден көп демалады: 2026–2027 оқу жылындағы каникул күндері

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы мектеп каникулының күндері бекітілді. Жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Биыл күзгі демалыста оқушылардың қатарынан бірнеше күн қосымша демалуына мүмкіндік бар. Себебі ресми каникул демалыс күндерімен тұспа-тұс келеді.

Күзгі демалыс қашан басталады?

Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Ресми күнтізбеге сәйкес, күзгі каникул 2026 жылғы 26 қазаннан 1 қарашаға дейін жалғасады.

Каникул ұзақтығы – 7 күнтізбелік күн.

Алайда демалыс алдындағы 24 және 25 қазан – сенбі және жексенбі күндеріне түседі. Сондықтан оқушылар үшін демалыс күндері көбірек.

25 қазан – Республика күні

Қысқы демалыс қанша күн?

Екінші тоқсан да 8 апта.

Қысқы каникул 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін созылады. Ұзақтығы – 14 күнтізбелік күн.

Бұдан бөлек, 1-сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі. Олар 2027 жылғы 8–14 ақпан аралығында тағы 7 күн демалады.

Көктемгі демалыс қашан?

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады.

Көктемгі каникул 2027 жылғы 22–28 наурыз аралығында өтеді. Оқушылар бұл кезеңде 7 күн демалады.

Төртінші тоқсан 8 оқу аптасы және оқу жылы 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram