Басты бет / Жаңалықтар /
арсен томский
Фото: threads.com/@arsentomsky

«Қазақ еліне +1 күйеу бала»: ІnDrive негізін қалаушы Арсен Томский үйленді

inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский 37 жастағы қазақстандық Камила Лұқпанмен отбасын құрды. Кәсіпкердің үйлену тойы 15 тамызда Ыстамбұлда өтті.

Томский қуанышты жаңалығын әлжелідегі парақшасында бөлісіп, қазақ халқына әзілмен сәлем жолдады.

«Қазақ еліне +1 күйеу бала», – деп жазды ол Threads парақшасында.

Қазір Арсен Томский 52 жаста.

Тойға Қазақстанның танымал кәсіпкерлері қатысты

Үйлену тойына Қазақстанның белгілі кәсіпкерлері мен қоғам қайраткерлері де барған.

Олардың арасында инвестор Марғұлан Сейсембай, Technodom негізін қалаушы Эдуард Ким, Astana Group негізін қалаушы Нұрлан Смағұл, Forbes Kazakhstan баспагері және Tan Media Group иесі Арманжан Байтас, BI Group негізін қалаушы Айдын Рахымбай, ресторатор Александр Скрипин болды.

6e592dd1c7cddb8eee2f517b0545d3d4 «Қазақ еліне +1 күйеу бала»: ІnDrive негізін қалаушы Арсен Томский үйленді
threads.com/@armanzhan/

Арсен Томский туралы

Арсен Томский –  inDrive халықаралық сервисінің негізін қалаушы. Компания әлемнің көптеген елінде жолаушылар мен жүргізушілерді байланыстыратын қызмет ретінде жұмыс істейді.

Кәсіпкердің Камила Лұқпанмен отбасын құрғаны туралы ақпарат 16 тамызда тарады. Үйлену тойы Ыстамбұлда өткен.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok