Канье Уэстің концертіне байланысты ұйымдастырушылар жергілікті билікпен келісіп, Tele2/Altel компаниясына Алматыдағы Орталық стадион аумағында кейбір жиілік диапазонын уақытша шектеу туралы өтініш білдірді. Бұл шара концерт кезінде қолданылатын және аталған жиілік диапазонында жұмыс істейтін арнайы техникалық жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай техникалық талаптар басқа елдердегі, соның ішінде Грузия мен Түркиядағы іс-шаралар кезінде де қолданылған.
Tele2/Altel Алматы үшін бұл ауқымды шараның маңызын ескере отырып, ұйымдастырушылар мен әкімдіктің өтінішін қолдап, концерттің өтуіне қажетті техникалық қолдау көрсетіп жатыр.
Сонымен қатар компания іс-шара өтетін аумақта абоненттер үшін мобайл байланыс пен интернеттің сапасын сақтап қалу мақсатында барлық техникалық мүмкіндіктерін пайдаланатынын хабарлады. Алайда ұйымдастырушылардың техникалық талаптарына байланысты жиіліктердің бір бөлігін уақытша шектеу және желіге түсетін жоғары жүктеме кейбір кезеңдерде мобайл интернет жылдамдығына әсер етуі мүмкін.
Концертке келушілерге Орталық стадионға жетпей тұрып, билеттерін, QR-кодтарын және іс-шараға кіруге қажетті басқа да ақпаратты телефонға ертерек жүктеп алу ұсынылады.
