Басты бет / Жаңалықтар /
gemini
Фото: Tomsguide.com

Енді Gemini суреттерінен сутаңбаны алып тастауға болады

Google компаниясы Gemini пайдаланушыларына суреттердегі, видеолардағы және аудиофайлдардағы оң жақ төменгі бұрышта тұратын су таңбасын (водяной знак) өшіруге рұқсат берді. Бұған дейін мұндай белгілер көптеген пайдаланушының көңілінен шықпайтын. Енді компания пайдаланушылардың өтінішін ескеріп, бұл белгіні реттеу мүмкіндігін қосқан. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сутаңбаны қалай өшіруге болады?

Бұл опция Gemini мен Flow платформаларында іске қосылды, ал жақын арада Google іздеу жүйесінің ЖИ режимінде де қолжетімді болады.

Ол үшін:

  1. Gemini сервисін ашыңыз;
  2. Баптауларға (Settings) кіріңіз;
  3. «Медиа-контент сутаңбасы» (Watermarking of media) бөліміне өтіңіз;
  4. «Қосу» (Enable) тетігін «Өшіру» (Disable) күйіне ауыстырыңыз.

Бұл функция әзірге барлық қолданушыға бірдей қолжетімді емес, өйткені Google оны біртіндеп енгізіп жатыр.

Қай медиаконтенттерден алып тастауға болады?

  • Суреттер: Нано-банана генераторында жасалған кескіндерден;

  • Видеолар: Omni арқылы дайындалған бейнероликтерден;

  • Аудио: Lyria құралында жазылған әндер мен әуендерден.

Көрінбейтін белгі сақталады

Көзге көрінетін сутаңбаны өшіруге мүмкіндік берілгенімен, Google контенттің жасанды интеллект арқылы жасалғанын анықтауға көмектесетін жасырын SynthID белгісін сақтайды.

Контентке C2PA метадеректері де енгізіледі. Бұл технология AI көмегімен жасалған сурет, видео немесе басқа контенттің шығу тегін тексеруге мүмкіндік береді.

Яғни пайдаланушы суреттегі көзге көрінетін белгіні алып тастай алғанымен, контенттің ЖИ арқылы жасалғанын анықтауға арналған жасырын белгі жойылмайды.

Дереккөз: Lifehacker.ru

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok