Басты бет / Жаңалықтар /
Ұшақ, авиация, әуе компаниялары
Фото: Reuters.com

Астана-Бейжің бағытында ұшатын рейс саны артты

Астанадан Қытай астанасы Бейжіңге ұшатын рейстің жиілігі көбейді. Air China әуе компаниясы тамыз айының басынан бастап бұл бағыттағы рейстер санын аптасына алтыға жеткізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Астана халықаралық әуежайының мәліметінше, оның үш рейсі Бейжіңге тікелей ұшса, қалған үшеуі Сиань қаласы арқылы бағыт алады.

Астана мен Бейжің арасындағы тікелей рейстер сейсенбі, бейсенбі және сенбі күніне жоспарланады. Ал Астана-Сиань-Бейжің бағыты бойынша рейстер дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күні ұшады.

Рейстердің көбеюі Қазақстаннан Қытайға баратын жолаушы үшін сапарды жоспарлауды жеңілдетеді. Әсіресе, туризм және іскерлік мақсаттағы сапарларға мүмкіндік артады.

Әуежайдың хабарлауынша, әуе қатынасының кеңеюі Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм, экономика және іскерлік байланысты дамытуға ықпал етпек.

Air China – Қытайдың ұлттық әуе тасымалдаушысы. Компанияның негізгі хабы Бейжіңде орналасқан және ол Star Alliance халықаралық авиация альянсының құрамына кіреді. Әуе компаниясы Қытаймен қатар Азия, Еуропа және басқа өңірлерге де рейстер орындайды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram