Басты бет / Жаңалықтар /
Kanye West, Канье Уэст
Фото: x.com/kanyewest

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

YE концертінің 14 тамыздан 15 тамызға ауыстырылуына байланысты көрермендерге іс-шараға кіру тәртібі түсіндірілді. Концерт 15 тамыз күні сағат 21:00-де Орталық стадионда өтеді. Көрермендерді стадион аумағына кіргізу сағат 16:00-де басталады.

14 тамызға алынған билет жарамды

Концерттің кейінге шегерілуіне байланысты 14 тамызға сатып алынған билеттер жарамды. Көрермендер сол билеттерімен 15 тамыздағы концертке кіре алады.

Стадионға кірген кезде билеттер сканерленеді. Тексеруден кейін бұған дейін берілген білезіктер жаңартылады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қазіргі уақытта концерт өтетін алаң мен іс-шараға жауапты қызметтер концертті өткізуге толық дайын.

Көрермендерге қандай кеңес берілді?

Ұйымдастырушылар көрермендерге жолды алдын ала жоспарлап, көлік кептелісін ескеріп, стадионға мүмкіндігінше ертерек келуге кеңес берді.

Стадионға кіру билетте көрсетілген секторға сәйкес жүзеге асырылады. Сондықтан көрермендерден кіру сызбасымен алдын ала танысып, стадион аумағындағы навигациялық белгілерді басшылыққа алу сұралды.

Концертке қатысты барлық өзекті ақпарат First Media Group және Freedom Афиша арналарында жарияланады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook