Францияның конституция кеңесі 15 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіруіне тыйым салуды көздейтін заң жобасын мақұлдамады. Құжатты ел парламенті шілде айында қабылдаған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
DW басылымының жазуынша, кеңес шешімінде балалардың мүддесін қорғау және қоғам тәртібін қамтамасыз ету әлеужеліге кәмелетке толмағандардың кіруін шектеуге негіз бола алатыны айтылған. Алайда қабылданған норма сөз бостандығы мен коммуникация еркіндігін шамадан тыс шектейді деп танылды. Нәтижесінде жасөспірімдерге қатысты шектеу заң жобасына енбеді.
Шілде айында Франция парламенті 15 жасқа толмаған балаларға әлеужеліде аккаунт ашуға тыйым салуды қолдаған еді. Заң 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді деп жоспарланған.
Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон балаларды әлеужелідегі қауіптен қорғау қажет екенін бірнеше рет айтқан. Қаңтар айында ол жаңа оқу жылына дейін 15 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіруіне шектеу енгізуді тапсырған.
