Қазақстанда 15 тамызда ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Алдағы күндері ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Алматы мен Астана
15 тамызда Алматыда күндіз ауа температурасы +35…+37°C-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Астанада 15 тамызда күндіз +35 градусқа дейін ыстық болады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с-қа жетеді.
Қай өңірлерде жаңбыр жауады?
15 тамызда Қостанай облысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
Ал Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында 15–16 тамызда қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
Еліміздің батысы мен Қызылорда облысында ауа райы жауын-шашынсыз.
Тұман түседі
Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жаңбыр мен найзағай кезінде жел екпіні күшеюі мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жауу ықтималдығы бар.
