Басты бет / Жаңалықтар /
жарық, электр, шам, люстра
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Канье Уэстің концерті күні Алматы мен облыста жаппай жарық өшті

Бүгін, 14 тамызда, Алматы қаласы мен Алматы облысының бірқатар ауданында электр энергиясы жаппай өшті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, KEGOC әуе электр жеткізу желілерінде апаттық ажырату болған. Соның салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» желілерінде апатқа қарсы автоматты қорғаныс жүйесі іске қосылған.

Қай аудандар жарықсыз қалды?

Алматы қаласында электр қуаты мына аудандарда өшкен:

  • Бостандық ауданы;
  • Наурызбай ауданы;
  • Әуезов ауданы;
  • Алатау ауданы.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде Медеу және Алмалы аудандарының тұрғындары да жарықтың өшкені туралы хабарлап жатыр.

Алматы облысында мына аудандарда электр энергиясы үзілген:

  • Жамбыл;
  • Балқаш;
  • Есік;
  • Қарасай;
  • Шелек;
  • Райымбек;
  • Ұйғыр;
  • Іле;
  • Кеген;
  • Талғар.

YE концерті өтетін күні болды

Қазір мамандар электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Алматының Орталық стадионында әлемге танымал рэпер Kanye West-ің концерті өтеді. Осыған байланысты қалада көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік қозғалысын ұйымдастыру үшін арнайы шаралар қабылданған. Концерт аяқталғаннан кейін жолаушыларға арналған тегін шаттл автобустар қатынайды, сонымен қатар қоғамдық көлік пен метроның жұмыс уақыты ұзартылады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram