14 тамызда Алматының Орталық стадионында өтетін YE концертіне байланысты көрермендердің қауіпсіздігі мен қатынауын қамтамасыз ету үшін арнайы көлік шаралары ұйымдастырылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Концерт аяқталғаннан кейін қонақтарды қаланың алты бағыты бойынша 60 тегін шаттл тасымалдайды.
Тегін автобустар мына бағыттар бойынша қатынайды:
- Алматы Арена – 10 автобус;
- «Райымбек батыр» / «Алатау» метро бекеті – 10 автобус;
- Алматы-1 теміржол вокзалы – 5 автобус;
- Орбита – 5 автобус;
- Жұлдыз шағынауданы – 10 автобус;
- Алматы халықаралық әуежайы – 10 автобус.
Метро жұмысы ұзартылып, «Байқоңыр» бекеті жабылады
Концерт күні қоғамдық көлік пен метро күшейтілген режимде жұмыс істейді. «Байқоңыр» метро станциясы сағат 21:00-де жолаушыларды қабылдауды тоқтатады. Концертке келушілерге «Абай» және «Мұхтар Әуезов атындағы театр» метро бекеттерін пайдалану ұсынылады.
Метрополитеннің жұмысы кемінде 01:00-ге дейін, қажет болған жағдайда 03:00-ге дейін жалғасады.
Орталық стадион маңында қозғалыс шектеледі
Қауіпсіздік шараларына байланысты сағат 16:00-ден бастап Орталық стадион маңында көлік қозғалысына кезең-кезеңімен шектеу енгізіледі.
Уақытша шектеу:
- Абай даңғылында;
- Байтұрсынов көшесінде;
- Сәтбаев көшесінде қолданылады.
Қауіпсіздік қызметтерінің шешіміне сәйкес кейбір жол учаскелері жоспарланған уақыттан ертерек жабылуы мүмкін.
Полиция қызметкерлері оқиға орнында жол қозғалысын реттеп, көлік кептелісінің алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына сапарын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес беріледі.
