Басты бет / Жаңалықтар /
есік, кілт, пәтер, жатақхана
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

«Пәтер алып беремін». Ақтөбеде мұғалім алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Ақтөбеде полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен әйелді ұстады. Тергеу мәліметінше, ол азаматтарға пәтер сатып алуға көмектесемін деп уәде беріп, ірі көлемде ақша иемденген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полиция мәліметінше, күдіктінің әрекетінен Ақмола облысының Қосшы қаласының екі тұрғыны зардап шеккен. Алдын ала мәлімет бойынша, оларға келтірілген жалпы материалдық шығын 22 млн теңге болған. Сонымен қатар құқық қорғау органдары Астана тұрғындарының да осы іске қатысы бар болуы мүмкін екенін тексеріп жатыр.

Күдікті мұғалім болып жұмыс істеген

Тергеу барысында күдікті азаматтардың бірінен 14 миллион теңге, екіншісінен 8 миллион теңге алып кеткені анықталған. Әйелге биыл шілде айында іздеу жарияланған.

Ол Ақтөбе қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құжаттарының заңдылығы тексеріліп жатыр

Полицияның мәліметінше, ұсталғанға дейін әйел Ақтөбедегі орта мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген.

Қазір тергеушілер оның білім беру ұйымына жұмысқа орналасу кезінде тапсырған құжаттарының түпнұсқалығын тексеріп жатыр. Сонымен қатар құқық қорғау органдары жалған диплом немесе басқа да жалған құжаттарды пайдаланған болуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырып жатыр, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok