Басты бет / Жаңалықтар /
мектеп, оқушы, мектеп формасы. Алматы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Астанада қайтарылған активтер есебінен 1 200 орындық мектеп салынады

Астанада қайтарылған заңсыз активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Үкіметтің мәліметінше, жобаны жүзеге асыру үшін арнаулы мемлекеттік қордан 7 млрд теңге бөлінген.

Жаңа мектеп Нұра ауданында бой көтереді

Жаңа білім беру нысаны елорданың Нұра ауданында салынып жатыр. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектепті 2027 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Үкіметтің мәліметінше, бұл ауданда қазір төрт мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Алайда оқушы орындарының тапшылығы сақталып отыр. Жаңа мектеп іске қосылғаннан кейін №84, №85, №89 және №97 мектептердегі жүктеме азаяды.

Әлеуметтік жобаларға 610 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

Жалпы үкімет қайтарылған активтер есебінен 610 миллиард теңгеден астам қаржыға 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдаған. Бұл қаражат еліміздің әр өңірінде білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салу мен жаңғыртуға бағытталады. Соның ішінде білім беру саласында жалпы құны 64,4 миллиард теңге болатын 17 жобаны іске асыру жоспарланған, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram