14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтетін Канье Уэстің концертіне байланысты қалада уақытша жол қозғалысына шектеу енгізіліп, қоғамдық көліктің 32 бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін Орталық стадион маңындағы бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі.
Қандай көшелерде қозғалыс шектеледі?
Уақытша шектеу мына учаскелерде енгізіледі:
- Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде – Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;
- Байтұрсынов көшесінде – Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін.
Осы кезеңде қоғамдық көліктің 32 бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді. Оның ішінде №3, 18, 21, 25, 30, 34, 44, 57, 62, 65, 66, 79, 90, 92, 95, 98, 118, 120, 120А, 121, 128, 130, 209, 210, 211, 224 автобус бағыттары мен №ТП5, ТП6, ТП7, ТП9, ТП19 және ТП25 троллейбус бағыттары бар.
Жолаушыларға ескерту
Барлық аталған бағыттар жабық көшелерді айналып өтетін уақытша сызба бойынша қатынайды.
Қала тұрғындары мен қонақтарына сапарларын алдын ала жоспарлап, жол жүру уақытының ұзаруы мүмкін екенін және қоғамдық көлік қозғалысындағы уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылды.
