Басты бет / Жаңалықтар /
автобус өрт
Видео скрині

Ақмола облысында жолаушылар мінген автобус өртенді

Ақмола облысының Степногорск қаласында бағытта келе жатқан автобус өртенді. Өрт шыққан сәтте автобустың ішінде жолаушылар болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше,  абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрт автобустың салонындағы шамамен 10 шаршы метр аумақты шарпыған.

10 адам өздігінен эвакуацияланды

Оқиға кезінде салонда болған 10 жолаушы өздігінен эвакуацияланып, қауіпсіз жерге шыққан. Жалын салонға тез тараған. Автобуста газ баллоны жабдығының болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатқан. Оқиға орнына келген құтқарушылар газ баллонын салқындатып, өртті толық сөндіріп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok