Басты бет / Жаңалықтар /
лагерь
Видео скрині

Қостанайда ата-ананың шағымынан кейін балалар лагерінің жұмысы тоқтады

Қостанай облысында сот шешімімен «Светофор» балалар сауықтыру орталығының қызметі тоқтатылды. Бұған ата-аналардың бірінің өтінішінен кейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру себеп болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Тексеру барысында ата-ананың шағымында көрсетілген деректер расталған.

Санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тексеру кезінде:

  • тамақтануды ұйымдастыру талаптарының;
  • сумен қамтамасыз ету нормаларының;
  • аумақ пен үй-жайлардың санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың;
  • қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өту тәртібінің бұзылғанын анықтады.

Материалдарды қарау қорытындысы бойынша сот орталықтың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады, ал бұған дейін берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының күші жойылды, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.

Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды

Ведомствоның мәліметінше, аталған орталыққа санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру кезінде заңбұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok