14 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады. Кей жерлерде ауа температурасы +40…+44°С-қа дейін көтеріліп, өрт қаупі болжанады.
Алматы облысының солтүстігінде және Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында 14 тамызда күндіз ауа температурасы +40…+41°С-қа дейін көтеріледі.
Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде күндіз +40…+41°С өте қатты ыстық күтіледі.
Ең жоғары температура Түркістан облысында болжанып отыр. Мұнда 14 тамызда күндіз ауа +40…+44°С-қа дейін ысиды.
Шымкент пен Түркістанда да аптап ыстық болады
Шымкентте 14 тамызда күндіз ауа температурасы +40…+42°С болады деп күтіледі. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістанда күндіз ауа температурасы +40…+43°С-қа дейін көтеріледі. Мұнда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Аптап ыстық кезінде күннің ең қызған уақытында ұзақ уақыт далада болмауға, жеткілікті мөлшерде су ішуге және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға кеңес беріледі.
