Басты бет / Жаңалықтар /
Кибершабуыл, хакер
Иллюстрация: Dribbble.com ©Dmitrii Kharchenko

Қазақстан азаматтарының жеке деректері сатылымға шықты ма? ІІМ мәлімдеме жасады

Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарының дербес деректері сатылымға шығарылды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ведомствоның мәліметінше, бұл ақпарат қоғамда алаңдаушылық тудырғандықтан, тиісті тексеру жүргізілген. Қазір eGov порталына заңсыз кіру немесе қол жеткізу фактілері тіркелмеген.

Хабарландыруды жариялаған тұлға анықталып жатыр

Министрлік мәліметінше, құқық қорғау органдары деректерді сату туралы хабарландыруды жариялаған адамды, ұсынылған ақпараттың шығу көзін және оны заңсыз алу мен таратуға қатысы бар барлық тұлғаны анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мұндай хабарландырудың жариялану фактісі назардан тыс қалған жоқ. Қазір хабарландыруды орналастырған тұлғаны, ұсынылып отырған деректердің қайдан алынғанын, сонымен қатар оларды заңсыз алуға және таратуға қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша қажет шаралар қабылданып жатыр, – делінген ІІМ хабарламасында.

ІІМ: Кінәлілер жауапкершіліктен жалтара алмайды

Ведомство азаматтардың дербес деректерін қорғау Конституциямен кепілдендірілгенін еске салды.

Министрлік күдіктілерді анықтау үшін барлық қажет шара қабылданатынын, ал заңсыз әрекетке қатысы бар адамдардың жауапкершіліктен жалтара алмайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар бұл мәселе ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында екені атап өтілді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram