16 тамызда Алматыда әуесқойлар мен ардагерлер арасында өтетін Gran Fondo World Championship велоспорттан әлем чемпионатына байланысты әл-Фараби даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қалалық спорт басқармасының мәліметінше, шектеулер жарысқа қатысушылар мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
Қай уақытта және қай учаскелер жабылады?
- 05:30–06:40 аралығында әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Талғар тасжолына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
- 05:30–10:30 аралығында әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Науаи көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалысқа шектеу қойылады.
Жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады.

Жарысқа 20-дан астам елдің спортшылары қатысады
Gran Fondo World Championship жарысына 20-дан астам елден 1000-ға жуық әуесқой спортшы қатысады. Қатысушылар 95, 50 және 37 шақырымдық қашықтықтарда бақ сынайды.
Жарыстың сөресі мен мәресі әл-Фараби даңғылы, 40 мекенжайындағы Halyk Bank ғимаратының маңында орналасады.
