Басты бет / Жаңалықтар /
Жұмыссыздық, мамандар
Фото: Project-syndicate.org

Денсаулығына қарай кімдердің жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін?

Қазақстанда өндірістік жарақат алған немесе жұмыста жарақатан алған қызметкерлердің еңбек жағдайы денсаулығына қарай өзгеруі мүмкін. Кей жағдайда жұмыс уақыты қысқарлып, қызметкерге арнайы жұмыс орны беріледі. Бұл туралы 13 тамызда өткен брифиңде Астана қаласы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары Ләззат Сартымбетова түсіндірді.

Адам кәсіби еңбекке жарамсыз екені қалай анықталады?

Кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі негізінен өндірістік жарақат немесе жұмысынан тапқан ауру салдарынан адамның өз кәсіби міндеттерін орындау мүмкіндігі қаншалық төмендегеніне қарай бағаланады.

Әлеуметтік кодекс бойынша, өндірістегі жарақат немесе еңбек міндеттерін орындау кезінде пайда болған кәсіби ауруға байланысты кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі 5%-дан 100%-ға дейін белгіленеді. Ол алты айға, бір жылға, екі жылға, бес жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленуі мүмкін.

Медициналық-әлеуметтік сараптама кезінде денсаулыққа келген зиян салдары, ағза функцияларының бұзылу деңгейі, адамның жұмысын жалғастыру мүмкіндігі және еңбек жағдайын өзгерту қажеті ескеріледі.

Кімдердің жұмыс уақыты қысқарады?

Еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің өзі адамға автоматты түрде жұмыс істеуге тыйым салынады дегенді білдірмейді.

Мысалы, кәсіби еңбек етуге қабілеттен айырылу дәрежесі 60–89% болғанда, денсаулығына қарай адамға кәсіби қызметін тек арнайы жасалған жағдайда жалғастыру қажет болуы мүмкін. Мұндай кезде мүгедектігі бар адамға қысқарған жұмыс уақыты белгіленіп, оның мүмкіндігіне қарай арнайы жұмыс орны жасалады.

Ал еңбек заңнамасында I және II топтағы мүгедектігі бар қызметкерлер үшін жұмыс уақыты аптасына 36 сағаттан аспауға тиіс деп белгіленген.

Қызметкердің жұмысы қалай өзгеруі мүмкін?

Денсаулығына қарай қызметкер:

  • жұмыс уақытын қысқартуы;
  • зиян немесе қауіпті өндірістік факторлардан босатылуы;
  • атқаратын жұмыс көлемін өзгертуі;
  • басқа, денсаулығына қарсы көрсетілімі жоқ жұмысқа ауыстырылуы;
  • арнайы жабдықталған жұмыс орнында еңбек етуі мүмкін.

Еңбек кодексінде медицина қорытындысы негізінде жұмыс берушінің қызметкерді денсаулығына қарсы көрсетілмейтін басқа жұмысқа уақытша ауыстыру немесе белгілі жағдайларда жұмыстан босату міндеті де қарастырылған.

Медициналық-әлеуметтік сараптамаға кім жібереді?

Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаманы медицина ұйымы рәсімдейді. Онда адамның денсаулығы, анализдер қорытындысы, емдеу және оңалту нәтижесі туралы мәлімет көрсетіледі.

Сараптама барысында адамның денсаулығы ғана емес, оның еңбек қызметін әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі және жұмыс жағдайын өзгерту қажеті де бағаланады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok