Қазақстандық лоукостер FlyArystan Астанадан Қытайдың Инин (Құлжа) қаласына жаңа тікелей рейс ашатынын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Алғашқы рейс 2026 жылғы 28 қазанда орындалады. Әуе рейстері аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады.
Құлжаға екінші бағыт
Бұл FlyArystan-ның Ининге ашқан екінші бағыты болады.
Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы мамырында Алматы – Инин (Құлжа) бағыты бойынша қазақстандық әуе тасымалдаушылары арасындағы алғашқы тікелей рейс іске қосылған. Бір жыл ішінде бұл бағытқа сұраныс жоғары болғандықтан, 2026 жылы рейстердің жиілігі аптасына төрт ретке дейін көбейтілді.
Қытай бағытындағы желі кеңейіп келеді
Астана – Құлжа бағытының іске қосылуы FlyArystan-ның Қытайдағы халықаралық бағыттарын кеңейту жоспарының бір бөлігі.
2026 жылы әуе компаниясы:
- Астана – Үрімші рейстерін қайта іске қосты;
- Ақтау – Үрімші бағытын ашты;
- Алматы – Сиань бағытын іске қосты;
- Алматы – Чунцин бағытын ұсынды.
Жаңа бағыт Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын кеңейтіп, жолаушылар үшін сапар мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.
