Басты бет / Жаңалықтар /
Ет, базар, қой еті, сиыр еті,
Фото: Ерқанат Аманкел

Елде жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі қай салада еңбек етеді?

Қазақстанда экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар саны 9,4 миллион болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, олардың 7,3 миллионы немесе жұмыспен қамтылғандардың 77,2%-ы жалдамалы қызметкерлер болса, 2,1 миллионы (22,8%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Жұмыспен қамтылғандар саны артқан

2025 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 99,5 мың адамға көбейді. Өсім негізінен жалдамалы қызметкерлер есебінен қалыптасты. Бұл санаттағы жұмыскерлердің саны 113,8 мың адамға артқан.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі мына салаларға тиесілі:

  • сауда – 16,8%;
  • білім беру – 13,3%;
  • өнеркәсіп – 12,4%;
  • ауыл шаруашылығы – 10,5%.

Қазақстан азаматтары аптасына орта есеппен 39 сағат жұмыс істейді

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, негізгі жұмыс орнында бір жұмыспен қамтылған адамның апталық нақты жұмыс уақыты орта есеппен 39 сағат болған. Бұл көрсеткіш жалдамалы қызметкерлер арасында 41 сағат, ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арасында 35 сағат болған.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram