Былтыр Қазақстанда сұлулық саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 127,3 миллиард теңге болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ең үлкен үлес шаштараз қызметтеріне тиесілі
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шаштараз қызметтерінің көлемі 67,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға жоғары.
Маникюр, педикюр және басқа да косметологиялық қызметтердің көлемі 7,5 млрд теңге болды. Ал сұлулық салондары көрсететін өзге қызметтердің көлемі 52,3 млрд теңгеге жеткен. Оның ішінде адамның өңделмеген шашына қатысты қызметтер де қамтылған.
Ауылдық жерлерде де сұраныс өсіп келеді
Сұлулық индустриясының дамуы тек қалаларда ғана емес, ауылдық елді мекендерде де байқалады. 2025 жылы ауылдық жерлерде көрсетілген шаштараз қызметтерінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ға өсіп, 34,3 млрд теңге болды.
Сонымен қатар ауылдардағы сұлулық салондарының өзге қызметтерінің көлемі 1,9 миллиард теңгеге, ал косметологиялық қызметтердің көлемі 814,9 миллион теңгеге жетті.
