Маңғыстау облысында заңсыз сақталған 83 келіден астам марихуана тәркіленіп, оған қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы тұрғын ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Оқиға Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылында болған. Жедел-іздестіру шаралары «Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыс прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген.
Шаруашылық нысанынан бес қап марихуана табылды
Полицияның мәліметінше, 6 тамыз күні кешкі сағат 22:00 шамасында түскен жедел ақпарат негізінде ауылдағы шаруашылық нысандарының біріне тінту жүргізілген.
6 тамыз күні сағат 22:00 шамасында түскен жедел ақпарат негізінде ауылдағы шаруашылық нысандарының біріне тінту жүргізілді. Нәтижесінде өсімдік тектес зат — марихуана салынған бес қап тәркіленді. Есірткінің жалпы салмағы 83 келі 300 грамм болды, – делінген хабарламада.
Күдікті қамауға алынды
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
27 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
