Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта жеңіске жетті.
Камбэк жасап жеңіске жетті
Кездесу 2 сағат 2 минутқа созылып, Рыбакинаның пайдасына 5:7, 6:2, 6:2 есебімен аяқталды.
Матч барысында қазақстандық спортшы бес эйс жасап, бір ғана қос қателікке жол берді. Сонымен қатар ол 11 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Финалда қарсыласы – Ига Швёнтек
Енді чемпиондық атақ үшін Елена Рыбакина әлемдік рейтиңде жетінші орында тұрған польшалық Ига Швёнтекпен кездеседі.
Швёнтек жартылай финалда украиналық Элина Свитолинаны жеңіп, финалға шыққан.
