Алматыда қоғамдық тамақтану орындары мен жеке сектордан атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
17 нысан тексерілді
Eco Almaty ЖШС мәліметінше, мониториң барысында Бостандық ауданындағы 17 қоғамдық тамақтану орны тексерілді. Оның екеуінде түтін шығарындыларын тазартуға арналған арнайы сүзгілер орнатылған.
Қалған 15 нысанға мұндай сүзгілерді орнату 2026 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.
Кәсіпкерлерге экологиялық талаптар түсіндірілді
Сонымен қатар сегіз қоғамдық тамақтану орнында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіп иелеріне атмосфералық ауаға кері әсерді азайту және экологиялық талаптарды сақтау бойынша ұсынымдар берілді.
Eco Almaty мәліметінше, мониториң мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Алматының атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында тұрақты түрде жүргізіледі.
