Басты бет / Жаңалықтар /
стример
Видео скрині

«Павлодар біздікі». Қазақстанды қорлаған Ресей стримері елден шығарылды

Астана полициясы әлеуметтік желілерде арандатушылық және әдепке жатпайтын пікірлер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Ресей азаматының Қазақстаннан депортацияланған сәтінің видеосын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониториң барысында шетел азаматшасы Г.К.-ның тікелей эфирлерінде арандатушылық және әдепсіз сипаттағы пікірлер айтқаны анықталған.

5 жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды

Сот шешімімен азаматшаға әкімшілік айыппұл салынды. Одан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан аумағынан шығару рәсімі жүргізілді.

Сот шешімімен шетел азаматшасы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңнамада белгіленген тәртіппен оны ел аумағынан шығару бойынша тиісті шаралар қабылданды. Заңнамаға сәйкес оған Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге шектеу қойылды, – деп хабарлады Астана қаласы полиция департаменті.

Полицияның ескертуі

Полицияның хабарлауынша, азаматша Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен.

Ведомство Қазақстан шетел азаматтары үшін ашық ел екенін, алайда республика аумағында жүрген барлық адам заң талаптарын сақтап, елге, оның азаматтарына және қоғамдық әдеп нормаларына құрметпен қарауға міндетті екенін еске салды.

Шетел азаматшасы Г.К. Қазақстан Республикасының аумағынан кетті. Бұған дейін сот оны әлеуметтік желілердегі арандатушылық және әдепсіз сипаттағы пікірлері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге шектеу қойылды. Заң талаптарын сақтау және елге құрметпен қарау – баршаға ортақ міндет, – деп мәлімдеді полиция.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook