Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 12 тамыз сағат 23:00-ден 13 тамыз сағат 10:00-ге дейін Яссауи көшесінің Жандосов көшесінен Шаляпин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толықтай жабылады.
Жүргізушілерге алдын ала бағытты жоспарлау ұсынылды
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту жол белгілері орнатылып, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақта орналастырылады.
Осыған байланысты жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, балама бағыттарды пайдалануға кеңес берілді.
Жолдағы шектеулер туралы ақпарат қайда жарияланады?
Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, көлік қозғалысына қатысты барлық уақытша шектеулер туралы ақпарат:
- @AlmatyJoly Telegram арнасында;
- Алматы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында;
- 2GIS және «Яндекс Карталар» қолданбаларында жарияланып отырады.
