Алматының Бостандық ауданында сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 13 тамыз сағат 21:00-ден 14 тамыз сағат 06:00-ге дейін тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға су беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қандай аумақта су болмайды?
«Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, су беру мына аумақтың шегінде уақытша шектеледі:
- Әл-Фараби даңғылы;
- Назарбаев даңғылы;
- Абай даңғылы;
- Байзақов көшесі;
- Ботаникалық бақ;
- Ерғожин көшесі.
Мекеме мәліметінше, жұмыстар қаланың сумен жабдықтау жүйесінің сенімдігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында жүргізіледі.
Тұрғындарға қандай кеңес берілді?
«Алматы Су» су қайта берілгеннен кейін құбыр желілерін шаюға байланысты судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты тұрғындарға:
- алдын ала қажет мөлшерде ауызсу қорын жинап алу;
- желілер толық шайылғанға дейін кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды, сонымен қатар сумен жабдықтау жүйесіне қосылған өзге де құрылғыларды пайдаланбау ұсынылды.
Кәсіпорын уақытша қолайсыздық үшін тұрғындардан кешірім сұрады.
