Басты бет / Жаңалықтар /
жолда жанжал
Видеодан үзінді

Алматыда көлік жүргізушілері арасындағы жанжал төбелеске ұласты: күдікті ұсталды

Алматыда жүргізушілер арасындағы жол жанжалы күш қолдануға ұласты. Оқиға әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін полиция назарына іліккен. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әлжелілерге жүргізілген мониториң барысында Алматы қаласының полиция қызметкерлері жүргізушілер арасындағы жанжал түсірілген бейнежазбаны анықтады.

Жарияланған кадрларда жанжалға қатысушылардың бірінің екінші жүргізушіге күш қолданғаны көрінеді.

Осы факті бойынша полиция дереу сотқа дейінгі тергеу бастаған. Күдікті анықталып, ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысы Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Полиция жолдағы кез келген түсініспеушілік пен жанжалдың тек заң аясында шешілуі керектігін ескертті. Жол қозғалысына қатысушыларға күш қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook