Басты бет / Жаңалықтар /
Жер сілкінісі
Иллюстрация: Dribbble.com ©Jamie oliver aspinall

Алматыда жер сілкінді: ТЖМ тұрғындарға ескерту жасады

Бүгін, 12 тамызда Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі Астана уақытымен сағат 12:14-те болған. Алматы қаласында жер сілкінісі 2 балл деңгейінде сезілді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Осыған байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларын еске салды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды ұсынды:

  1. Қорықпаңыз, сабыр сақтаңыз.
  2. Жер сілкінісі кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз.
  3. Жиһаздардан, терезелерден және әйнек заттардан аулақ тұрыңыз.
  4. Қауіпсіз жерді тауып, мүмкіндігінше негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында паналаңыз.
  5. Жер сілкінісі тоқтағаннан кейін ғимараттан шығыңыз. Төменгі қабаттарда болсаңыз, қауіпсіз шығу жолын пайдаланыңыз.
  6. Мүмкін болса, ғимараттан шығар алдында су, газ және электр қуатын өшіріңіз.
  7. Алдын ала дайындалған дабыл сөмкесін өзіңізбен алыңыз.
  8. Электр желілерінен, ғимараттардан және ағаштардан аулақ болыңыз.
  9. Жер сілкіністерінің қайталануына дайын болыңыз.
  10. Қажет болса, балаларға, қарт адамдарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектесіңіз.

ТЖМ жер сілкінісі кезінде бастысы — қорықпай, қауіпсіздік ережелерін сақтау екенін еске салды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram