Басты бет / Жаңалықтар /
Ли Чжэ Мён
Фото: AP Photo/Lee Jin-man

Оңтүстік Корея президенті Тоқаевқа алғыс айтты

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау және оларды еліне жедел қайтару ісіндегі ынтымақтастық үшін алғыс айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бұл туралы Оңтүстік Корея басшысы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Камбоджа мен Виетнам арқылы Қазақстанға жасырын кіріп, біздің азаматтарымызға қарсы телефон алаяқтығын жасаған Корея Республикасының ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталғаннан кейін екі апта ішінде толықтай елге қайтарылды. Қазір оларға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Ли Чжэ Мён.

Президент Қазақстанның қолдауын ерекше атап өтті

Оңтүстік Корея президенті операцияның қысқа мерзімде жүзеге асуына Қазақстан тарапының белсенді қолдауы ықпал еткенін айтты.

Ұстау шарасынан бастап елге жеткізуге дейінгі жұмыстың жедел атқарылуы Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің белсенді қолдауы мен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барлық жауапты тараптарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз, – деп жазды ол.

«Қылмыскерлер қай жерде жасырынса да жауапқа тартылады»

Ли Чжэ Мён келесі айда өтетін «Корея Республикасы – Орталық Азия» саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаевпен жеке кездесіп, алғысын тікелей жеткізуге үміт білдірді.

Сонымен қатар ол Корея азаматтарының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қылмыстарға қатысты ымыра болмайтынын атап өтті.

Корея Республикасы азаматтарының қауіпсіздігі мен бейбіт өміріне қатер төндіретін қылмыстарға қарсы ешқандай ерекшелік жасалмайды. Олар қай жерде жасырынса да, соңына дейін іздеп тауып, міндетті түрде заң алдында жауапқа тартамыз, – деді Оңтүстік Корея президенті.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram