Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы алты айында 2 362 568 адам онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған тегін скриниңнен өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
ДСМ мәліметінше, елімізде онкологиялық скриниңнің үш түрі жүргізіледі. Олар:
- сүт безі обырын;
- жатыр мойны обырын;
- колоректалдық обырды ерте анықтауға бағытталған.
Скриниң нәтижесінде қанша науқас анықталды?
Жыл басынан бері скриниң нәтижесінде:
- 1 238 сүт безі обыры;
- 372 колоректалдық обыр;
- 227 жатыр мойны обыры анықталды.
Мамандар скриниң барысында анықталған күдікті өзгерістер бірден қатерлі ісік диагнозын білдірмейтінін атап өтті. Мұндай жағдайда науқас қосымша тексеруден өтеді, ал нақты диагноз жан-жақты зерттеу нәтижесіне қарай қойылады.
Ерте анықтау көрсеткіші жақсарып келеді
Кейінгі жылдары онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіштері жақсарған. 2021–2025 жылдар аралығында қатерлі ісіктің III–IV сатысында анықталу үлесі 34,9%-дан 32%-ға дейін төмендеген. Кейінгі бес жыл ішінде Қазақстанда 14 миллионнан астам адам онкоскриниңнен өткен. Осы кезеңде халықты жыл сайынғы скринингпен қамту деңгейі 13,5% артқан.
Дәрігерлер азаматтарды өзін жақсы сезінсе де, жас ерекшелігі мен қауіп факторларына сәйкес профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге шақырады. Өйткені ауруды ерте анықтау емдеуді дер кезінде бастап, оның тиімдігін арттыруға мүмкіндік береді.
