Басты бет / Жаңалықтар /
Бас прокуратура ғимараты
Бас прокуратура ғимараты. Фото: Тұрар Қазанғапов

Анасын пышақтаған күдікті Виетнамнан экстрадицияланды

Қазақстан азаматы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен Виетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Операция бас прокуратура, ішкі істер министрлігінің интерпол ұлттық орталық бюросы және Қазақстанның Виетнамдағы елшілігінің қатысуымен жүзеге асырылды.

Күдікті халықаралық іздеуде болған

Бас прокуратураның мәліметінше, ер адам 2025 жылғы қараша айында өз үйінде алкогольдік масаң күйде анасымен жанжалдасып, оған бірнеше рет пышақ жарақатын салған деген күдікке ілінген.

Оқиғадан кейін ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында елден кетіп, құқық қорғау органдарынан бой тасалаған. Осыған байланысты күдікті халықаралық іздеуге жарияланған. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның Виетнамның Данаң қаласында жүргені анықталып, маусым айында ұсталған, — делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының сұрауы негізінде күдікті елге экстрадицияланып, қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ведомствоның мәліметінше, оған тағылған айып бойынша үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, Қазақстан заңнамасы бойынша адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденгенге дейін ол кінәсіз деп есептеледі.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram